+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін қайдан көруге болады

2019 жылғы 23 қазан 11:01
Бөлісіңіз:
Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегін қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтың (9-0, 8КО) жекпе-жегін «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы WBC рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына енді Мәдениет және спорт министрі Қанат Исламды жеңісімен құттықтады Қанат Ислам жеңіске жетті

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасында хабарланғандай, Садриддин екі күннен кейін Квебекте (Канада) «Ковбой» лақап атты 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретемен (33-15-2, 15КО) кездеседі. Айқас 10 раундқа есептелген. Жанкүйерлер жекпе-жекті «Хабар» арнасынан 26 қазан күні сағат 07.00-де көре алады.

Еске сала кетсек, жеңіліп көрмеген қазақстандық Садриддин Ахмедов (9-0, 8КО) келесі кездесуін 25 қазанда Канаданың Квебек қаласында мексикалыққа қарсы өткізетіні хабарланған болатын. Соңғы рет 21 жастағы қазақстандық нокаутшы Тетфор Миндегі (Канада) бокс кеші аясында өнер көрсетіп, рингте мексикалық Даниэль Вега Котаны (14-3-1, 11 КО) техникалық нокаутпен 90 секундта жеңген еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT