+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Садриддин Ахмедовтың «Цунамимен» айқасын қайдан көруге болады

2019 жылғы 6 желтоқсан 14:29
Бөлісіңіз:
Садриддин Ахмедовтың «Цунамимен» айқасын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедовтің (10-0, 9КО) 7 желтоқсанда өтетін жекпе-жегін «Хабар» арнасынан көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда аталған айқасты 8 желтоқсанда «Хабар» телеарнасы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат таңертеңгі 07.00-де тікелей эфирде көрсетеді.

WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы шаршы алаңға 7 желтоқсанда қайта оралады. Ол Канаданың Монреаль қаласында аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7КО) кездеседі. Қос құрлықтың боксшылары Давид Лемье (40-4, 34КО) мен Макс Бурсак (35-5-2, 16КО) айқасының андеркардында өзара мықтыны анықтамақ.

Еске сала кетсек, Садриддин Ахмедов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін қаза айының соңында өткізіп, 31 жастағы мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT