Садриддин Ахмедовтің кезекті жекпе-жегінің датасы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10КО) келесі жекпе-жегін 16 шілде күні Канадада өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жазылғандай, бокс кешінің өтетін орны әлі айқындалған жоқ. Екі нұсқа қарастырылуда: Квебек немесе Монреаль.

Қазақстандық боксшы Канадада дайындық жаттығуына кірісіп кетті. Сондай-ақ оның қарсыласы рейтингтің алғашқы отыздығына енетін боксшы болатыны туралы ақпарат бар.

Садриддин Ахмедов профирингке 2018 жылы келіп, бүгінге дейін 12 айқас өткізіп үлгерді. Оның 10-ын – Канадада, 1-еуін – Қазақстанда және тағы 1-еуін Мексикада өткізді. Оның соңғы жекпе-жегі 29 қаңтар күні Мексикада болды. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен нидерландиялық Стивен Даньоны (17-4-3, 6КО) жеңіп, бірінші орта салмақтағы WBA Continental, NABF және WBC Francophone белдіктерін иеленді. Осы жеңісінен соң спортшымыз Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA)
ТОП-15 рейтингіне енді.

Соңғы жаңалықтар