+7 (701) 759 90 19
USD 389.59 EUR 429.06
RUB 6.05 CNY 55.07
Jańalyqtar

Садриддин Ахмедовтің Алматыда өтетін титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

2019 жылғы 13 наурыз 12:02
Бөлісіңіз:
Садриддин Ахмедовтің Алматыда өтетін титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 жастағы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтің (7-0, 7КО) Алматыда өтетін титулдық жекпе-жектегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін 24 наурыз күні «Алматы Арена» кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтетінін жазған едік. Оған Қазақстан, Ресей, Африка елдері, Венесуэла, Өзбекстан, Беларусь, Грузия және басқа да мемлекеттердің боксшылары қатысатыны жоспарланған.

Бүгін «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының боксшысы Садриддин Ахмедовке кім қарсылас болатыны анықталды. «Қазақстанның кәсіпқой боксы» BoxRec.com сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, бірінші орта салмақтағы WBC Asia титулы үшін айқас Ахмедов пен 25 жастағы Индонезия өкілі Джон Руба (17-5-1, 9КО) арасында өтеді. Жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Еске салсақ, Садриддин Ахмедов 26 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өткен кездесуінде мексикалық Абрахам Хуаресті (13-2, 5КО) нокаутқа түсіріп, жастар арасындағы WBC белдігін жеңіп алған болатын.

«SULEIMEN Promotions» промоутерлік компаниясының ақпаратына сәйкес, «Алматы Аренадағы» бокс кешінде барлығы 8 айқас өтеді.

«Кештің басты титулдық кездесулері - жеңіліп көрмеген Айдос Ербосынұлы мен Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысуымен өтетін жекпе-жектер болмақ. Айдос Ербосынұлы (10-0-8KO) екінші орта салмақта оңтүстікафрикалық Лукас Ндафолуммен (15-1-6КО) қолғап түйістіреді. Аталмыш кездесуде WBA INTERNATIONAL чемпиондық белдігі тігіліп, WBC ASIA и WBO GLOBAL белдігі қорғалмақ. Лукас Ндафолумның лақап аты «Күйретуші». Ал Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0-4КО) WBA INTERCONTINENTAL титулы үшін Венесуэла елінің боксшысы Иван Матутемен (28-1-23 КО) шығады. 25 жастағы венесуэлалық Иван Матуте (лақап аты «Эль Демоледор») 28 айқас өткізіп, 23-ін нокаутпен аяқтаған», - делінген промоутерлік компаниясы хабарламасында.

Басты айқастардың андеркартында Дастан Сәдуұлы, (1-0, 1 KO) Ескендір Харсан, Асхат Жантұрсынов, Диас Тастеміров (3-0, 3КО) шығады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT