Садриддин Ахмедов WBC рейтингінде ТОП-15-ке жақындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ санаты бойынша рейтингіні жаңартты. Бірінші орта салмақта үлкен жетістікке қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) жетіп отыр. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Садриддин WBC рейтингінде 10 позицияға жоғарылады. Стивен Даньомен болған айқастағы жеңісінен кейін ол 17-орынға көтеріліп, ТОП-15-ке және үлкен жекпе-жектерге жақындай түсті. Алдарыңа үлкен мақсаттар қойып, оған жету жолында тоқтамаңыздар!», - деп жазылған С.Ахмедовтің промоутерлік компаниясы Eye Of The Tiger Management-тің Instagram-аккаунтында.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Стивен Даньоны (17-4-3, 6 КО) жеңгеннен кейін үш өңірлік чемпиондық белдікке қол жеткізді — WBA Continental, NABF және WBC Francophone.

Сондай-ақ С.Ахмедов болашақта толыққанды чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығуды жоспарлап отырғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар