+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Садриддин Ахмедов 33 рет жеңген нокаутшымен айқасады

2020 жылғы 14 ақпан 13:43
Бөлісіңіз:
Садриддин Ахмедов 33 рет жеңген нокаутшымен айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 наурыз күні Монреалда (Канада) бокс кеші өтеді, оған қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Боксшы Жан Кособуцкий кәсіби рингтегі 14-ші айқасын өткізді Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста бақ сынайды Қазақстандағы ең үздік 10 кәсіпқой боксшының тізімі жарияланды

Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының мәліметі бойынша 22 жастағы жастар арасындағы WBC әлем чемпионы және бірінші орта салмақтағы WBC Asia белбеуі иегерінің қарсыласы 32 жастағы тәжірибелі боксшы мексикалық Мауро Альберто Лозано (33-10, 24 КО) болмақ.

Лозано былтыр 24 тамызда соңғы жекпе-жегін өткізіп, бұрынғы әлем чемпионы, британдық Лиам Смиттен (29-2-1, 16 КО) техникалық нокаутпен жеңілді. Сонымен қатар оның қарсыластарының қатарында Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО), Джермелл Чарло (33-1, 17 КО) және Патрик Тейшейра (31-1, 22 КО) бар. Бірақ латынамерикалық жоғарыда аты аталған боксшылардың бәрінен ұтылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Бокс  
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT