Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Жамбыл облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тараз қаласынан бастау алып, Т.Рысқұлов, Меркі өңірлерінде жалғасқан жиындар барысында плакаттар ілініп, үміткерге сенім білдірген азаматтармен жиындар және тұрғындарға ауызекі түсіндіру жұмыстары Жамбыл облысының өзге де аудандары, атап айтсақ, Сарысу, Талас, Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандарында да жалғасын тапты», делінген хабарламада.

Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері сондай-ақ Қордай ауданында болып, тұрғындармен кездесіп, үміткердің сайлауалды бағдарламасымен жіті таныстыруда.

Айта кетейік, ҚР Президенттінің кезектен тыс сайлауы 9 маусым күні өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.

Соңғы жаңалықтар