Сәдібек Түгелдің сайлауалды штабы елордалық саябақта концерт өткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы «Жерұйық» саябағында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелді қолдауға арналған концерт өткізілді. Бұл туралы үміткердің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел концертке жиналған қала тұрғындары мен қонақтары алдында сөз сөйлеп, алғыс айтты. Жиналған көпшілікке өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтті.

Концертте ҚР мәдениет қайраткері Қайрат Ахметов, танымал әнші, Польша Республикасының мәдениет қайраткері Бибігүл Ысқақова елорда, туған жер жайлы патриоттық әндер шырқады.

Сонымен қатар, белгілі иллюзионист Кәрім Мұтырғанов, қалалық каратэ федерациясының спортшылары өнер көрсетті. Жиналғандар ақын Дидар Оралбекұлының «Жерұйығы елімнің» атты өлеңін нақышына келтіріп оқыған белгілі ардагер диктор Күләш Молдахметованың өнеріне қол соғып, ыстық ықыластарын білдірді. Қолдау концертін ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің Нұр-Сұлтан қаласындағы сайлауалды штабы ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар