Сәдібек Түгел Қарағандыда қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті
«Біздің демографиямызға зардабын тигізген, «қызыл қырғын» атанған қолдан жасалған ашаршылық пен ұлтымыздың бетіне шығар қаймағын қалқып алған қуғын-сүргін жылдары ұрпақ жадынан ұмытылмақ емес. Алашорда идеясының бастауында тұрған алаш ардақтылары Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевтар - осы Қарағанды өңірінің перзенттері. Ел азаттығы үшін басын бәйгеге тіккен талай ұлт зиялылары Карлагта отырып, жазықсыз жапа шекті. Бүгін - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Болашақ ұрпақ мұндай қайғы-қасірет көрмесін, еліміз алға дамып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскен ұрпақ аға буынның ел тәуелсіздігі жолындағы күресі мен қажырлы еңбегін естен шығармайды деп сенемін»,- деді кандидат Сәдібек Түгел.
Оның сөзінше, бес миллионға жуық қуғын-сүргін құрбандары ел аумағындағы АЛЖИР, Степлаг, Карлаг секілді лагерьлерге жазықсыз қамалған.
Еске сала кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымға белгіленген. Оған кандидет ретінде 7 үміткер тіркелді.