Сәдібек Түгел дарынды журналистерді еске алуға арналған шығармашылық кеш ұйымдастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел 18 мамырда елордадағы Халықаралық баспасөз орталығының құрылғанына 20 жыл толуына байланысты, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан дарынды журналистерді еске алуға арналған «Олардың есімдері - біздің жүрегімізде» атты шығармашылық кеш ұйымдастырды.

Айта кеткен жөн, журналист-жазушы Сәдібек Түгел елорданың алғашқы қалыптасу тарихынан бастап, күні бүгінге дейінгі 20 жылдан астам шежіресін бірнеше кітаптарына арқау еткен.

Кездесу барысында жастарға үлгі көрсету мақсатында аға буын қаламгерлердің өмірлік естеліктері айтылды, ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасы кеңінен түсіндірілді.

Еске сала кетейік, 9 маусым күні ҚР Президентінің сайлауы өтеді. Сайлауға ресми тіркелген 7 кандидат бүгінде сайлауалды насихат жұмыстарымен айналысуда.

Авторы: Әлихан Асқар

Соңғы жаңалықтар