Сәдібек Түгел Бурабайдағы Кенесары үңгіріне барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне үміткер Сәдібек Түгел Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан «Кенесары үңгіріне» арнайы барды. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Кенесары хан - қазақ тарихында соңғы хан ғана емес, ұлт азаттығы жолында қайтпас қайсарлығы мен өршіл рухымен халық жүрегінен ойып орын алған тұлға. Мына үңгірден айнала алақандағыдай көрініп тұр. Жергілікті көнекөз қариялардан бізге жеткен әңгімелерде отарлау саясатына қарсы шыққан батыр сенімді серіктерімен осында жиналып, алдағы әскери маңызды жоспарларын айтып ақылдасқан екен. Кенесарыдай атақты, ерлігі - аңыз, өрлігі - өнеге болған ханның үңгіріне сіздерді алып келіп, алдағы маңызды кезеңнің алдында батырдың рухына бас иіп, құран бағыштасақ деп ойлап едім» ,- деді Сәдібек Түгел өзімен бірге жүрген сайлауалды штабындағы сенімді өкілдеріне.

«Ұлт тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен, сан рет өзгелердің қазақ жеріне салған бекінісін талқандап, жаудан беті қайтпаған Хан Кененің өшпес өрлігі мен ел аңыз етіп айтар ерлігі алдында бас ию - Сәдібек Түгелдің де өмірлік ұстанымы мен азаматтық көзқарасын айқындап тұрғандай» деп хабарлады кандидаттың баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар