Сәдібек Түгел Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясында ҚР Президенттігіне кандидат Сәдібек Түгел зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуге аталған оқу орнының студенттері де қатысты. Сәдібек Түгел сайлауалды бағдарламасы туралы тарқатып айтып берді.

Кездесуге «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай, «Мысль» журналының бас редакторы Аяған Сандыбай, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Болат Әшірбаев, ақын Алмас Ахметбеков, Қазақ спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқалиевтар қатысты. Кешті белгілі журналист Алма Серікқалиқызы жүргізді.
null

Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.

Соңғы жаңалықтар