Саддам Хұсейннің өмірінің соңғы күндерінде оқыған кітабы танымал туындыға айналды

None
None
АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Саудиялық ғалым Аида әл-Карнидің «Мұңайма!» атты кітабы әйгілі туындыға айналып, әлемнің 30 тіліне аударылды. Ал таралымы - 10 млн.-ға жеткен.

2011 жылы өмірлік маңызы бар ақыл-кеңестерден тұратын аталмыш кітап ресейлік «Умма» баспасында орыс тілінде басылып шығып, оқырмандардың жүрегіне жол тапқан болатын.

Мuslim.kz сайтының жазуынша, автор өз еңбегінде адам баласын толғандыратын өзекті мәселелерді қозғаған. «Кім бақытты болуды қалайды?», «Уайым-қайғыдан қалай құтылуға болады?», «Өміріңді жарқын етудің жолы қайсы?», «Күйзелістен қалай арылуға болады?», «Адамның өз-өзіне деген сенімін қалай қалыптастыруға болады?», «Өмірге өзгелердің көзімен қалай қарауға болады?». Карни бұл сауалдарға жауап табу үшін 300-ге жуық дереккөзді пайдаланған екен.

Бұл кітапқа Сауд Арабиясының ханзадасы Салман ибн Әбдіәзіз жоғары баға беріп, үш мәрте оқып шыққан көрінеді. Сондай-ақ, аталмыш туындыны Саддам Хұсейн де өмірінің соңғы күндеріне дейін қолынан тастамаған.

Соңғы жаңалықтар