Садақ атудан республикалық турнирде қарағандылық балалар екі алтын алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыда өткен турнирге Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстарынан 150 спортшы жиналды. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар өздерінің мергендік өнерін паш етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық спорт түрінен біріншілік төрт жас санаты бойынша өтті: 7-ден 9-ға дейін, 10-нан 12-ге дейін, 13-тен 15-ке дейін және 16-дан 18 жасқа дейін.

Сонымен қатар, топтар ұлдар мен қыздарға бөлінді.

Мергендер үш бағытта жарысты. Жас спортшылар олимпиадалық (фито), түрік (путо) және қазақ (жамбы) нысаналарына оқ атты.

Мамандардың айтуынша, соңғысы ең қиыны болды.

«Садақ ату соңғы 2-3 жылда жаңадан қарқын ала бастады. Бүгін қатысушылардың саны көп болғаны қуантып отыр. Қызу шайқастар 10-12 жас санатындағы жасөспірімдер арасында өтті. Балалар спортқа қызығушылықпен барады. Көпшілігінде садаққа деген құштарлық бар. Олар қаншалықты көп жаттықса, құлшыныстары соншалықты көбірек оянады», - дейді жарыс төрешісі, садақ атудан Қазақстан чемпионы Айым Тілепберген.

Жарыс қорытындысы бойынша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Маңғыстау облысының қатысушылары ең көп медаль жеңіп алды.

Қарағандылық спортшылар оларға жақсы бәсекелес бола білді. Осылайша қоржынға екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль жинады.



Соңғы жаңалықтар