Садақ атудан әлем кубогына қатысатын қазақстандық мергендер белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19-27 мамыр аралығында Түркияның Анталия қаласында садақ атудан әлем кубогінің үшінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Кубоктік кезеңнен Қазақстан командасы да сырт қалмайды. Отандық мергендер 13 мамырдан бері Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Ал ертең басталатын додаға төмендегі спортшыларымыз қатысады:

Классикалық садақ ату, ерлер: Денис Ганькин, Санжар Мұсаев, Сұлтан Дүзелбаев, Ильфат Абдуллин.

Классикалық садақ ату, әйелдер: Алина Ильясова, Қаракөз Асқарова, Гаухар Игібаева.

Компаунд, ерлер: Жомарт Бектұрсын

Компаунд, әйелдер: Виктория Лян.

Соңғы жаңалықтар