«Сабырсыз» журналистің әрекеті желіде қызу талқыланды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүкілқытайлық халық өкілдерінің 13-ші шақырылымының тарихи 1-ші сессиясында журналист бойжеткеннің күлкілі қимылы видеоға түсіп қалды. Аталған бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Оқиға 13 наурыз күні Халықтық жиындар үйінде болған. «Бірінші Цайцзин» Шанхай басылымының журналисті Лян Сянъи тікелей эфирде AMTV телеарнасынан келген әріптесінің сөзін «ерекше» тыңдаған. Лян Сянъи әріптесінің ұзын-сонар сөйлемге айналып кеткен сұрағын сабырсыз, көзін ақшита тыңдап тұрғанын видеодан байқауға болады.

Сұрақтың 40-шы секундында бойжеткен микрофон ұстап, қызыл костюм киіп тұрған тілшіге қас-көзімен бір баға беріп, көзін алайта бұрылып кетеді. Ең қызығы, жиын аяқталғаннан кейін екі тілші Қытайда зор танымалдыққа ие болған. Әлеуметтік желілерде оларды күлкі еткен көптеген әзілдер тарап, тіпті «Таобао» электронды сауда алаңында аталған жағдайдың суреттері смартфондарға арналған қаптамаға айналып шыға келіпті.

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен тілдескен қытай журналистері Лян Сянъиді қолдайтындарын айтқан. Олардың пайымдауынша, аз уақытта ұзын-сонар сұрақ қойған Чжан Хуэйцзюнның әрекетіне Лян Сянъи барлық тілшілердің көзқарасын білдірген.

«Кәсіби тілшілердің сұрақтары қысқа да нұсқа болуы керек. Мұндай шаралар өзін-өзі көрсетудің амалы емес», - деп пікірін білдірді тілшілердің бірі.

Осы әрекеті үшін «сабырсыз» журналист аталған жиынның бұдан кейінгі шараларына қатысу аккредитациясынан айырылған.

nullnull  

Соңғы жаңалықтар