Сәбит Рзиев Қазақстан-Қытай құбыры бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Автор:  
Зарина Туғанбаева

Сәбит Рзиев Қазақстан-Қытай құбыры бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды Фото: kaztransoil.kz

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының 2023 жылғы 6 наурыздағы шешімімен Сәбит Рзиев «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар 2023 жылғы 7 наурыздан бастап «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-ның Басқарма мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С.Рзиев бұл қызметке тағайындалғанға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Шымкент мұнай құбыры басқармасының бастығы болған. Әр жылдары ол «ҚазТрансОйл» АҚ-да Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы, пайдалану бөлімінің директоры, Атырау мұнай құбыры басқармасының бастығы, Батыс филиалының бас инженері – бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС бас директоры (басқарма төрағасы) - Тянь Айминь.

«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС – «ҚазТрансОйл» АҚ (50%) мен China National Oil and Gas Exploration and Development Company Ltd (50%) бірлескен кәсіпорны. Серіктестік «Кеңқияқ – Құмкөл» және «Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырларына иелік етеді.





Серіктестер жаңалықтары