Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныптың оқулығында жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы спортшы қыздардың арасында елге кеңінен танылған Сабина Алтынбекованың суреті 7-сыныпқа арналған орыс тілі кітабының ішінде жүр.

Дина Ибраева есімді азаматша әлеуметтік желідегі жеке парақшасына оқулықтың бетін суретке түсіріп салған. Оның айтуынша, кітап «Атамұра» баспасынан шыққан.

«7-сыныпта оқитын жиенімнің орыс тілі кітабында Сабина Алтынбекованың суреті жүр. «Сұлулық, аниме, фолловер, инстаграм...Қазіргі орыс тілінің оқулығы осындай сөздермен толығыпты»,-деп жазған Дина Ибраева.

Айта кетейік, волейболдан 17-ші Азия чемпионаты өтіп жатқан кезде Қытайдың БАҚ-тары Сабина Алтынбекованың сұлулығын жарыса жазған еді. Осылайша, қазақ қызы әлемдегі ең сұлу спортшылардың рейтингісіне енді. Оның келбеті әсіресе шығыс және оңтүстік-шығыс халқын тамсандырды. Қазір Алтынбекованың Instagram парақшасында 608 мың тіркелуші бар.

null null 

Соңғы жаңалықтар