Сабина Алтынбекова жапон клубына ауысуын сынағандарға өз пікірін білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желі арқылы жапондық GSS Sunbeam клубына ауысуын сынағандарға қатысты өз пікірін білдірді.

«Спорт туралы мағлұматы аз бола тұра, құр айқайға жол беретіндер үшін айтарым: Клуб пен Қазақстан құрамасы екеуі екі түрлі ұғым», - деді спортшы өз аккаунтында.

Спортшы аталған клубта 1 ай бойы жаттығып келген. Биыл қарашада клуб спортшылары V.Challenge Ligue чемпионатында бабын сынайтын болады.

Өзінің блогында қазақстандық спортшы жаттығу 8 сағатқа дейін жалғасатынын айтқан. Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2014 жылы Қытайда өткен Азия жастар чемпионатында көзге түскен. Қытай журналистерінің обьективінен түспеген бойжеткен аз күнде әлемге танымал болды.

Соңғы жаңалықтар