Сәбина Алтынбекова италиялық клубқа ауысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова спорттағы жолын италиялық «Волалто Казерта» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Sports.kz.

Клуб өзінің ресми сайтында спортшы қызбен екі жылға келісімжарт жасағанын жариялады. Келесі маусымда «Волалто Казерта» Италияның негізгі әйелдер лигасы - А1 сериясында ойнайды.

Сәбина Алтынбекова ойын алаңында өнер көрсеткенімен қоймай, команданың өзіндік «бет-бейнесіне» айналады. Яғни, клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық спортшының әлеуметтік желілердегі аудиториясының көптігі клубқа қолайлы болып тұр.

Еске сала кетейік, Сәбина Алтынбекова соңғы жылдары Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Васл» командасында ойнаған болатын. Сонда жүріп жарақат алып, маусымның біраз бөлігінде жарыстарға қатыса алмады.

Ал оған дейін спортшы қыз «Алматы» және жапондық GSS Sunbeams командаларында өнер көрсеткен.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар