Сәбилердің туу туралы куәлігін алу форматы жеңілдеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтық хал-актілерін жазу (АХАЖ) жүйесі бойынша бала туу туралы куәлік қызметтерін көрсету рәсімдерін енді АХАЖ-ға келмей-ақ, «электрондық үкімет» порталын немесе екінші деңгейдегі банктердің (Kaspi және Halyk банк) мобильдік қосымшаларын пайдалану арқылы алуға болады.

Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.

«Қазір туу туралы куәлікті қалыптастыру автоматты режимде жүреді. Перзентханадан баланы туу туралы анықтама АХАЖ жүйесіне тікелей беріледі. Осыдан кейін құжат жасалып, ата-аналары баланың тууына байланысты құттықтаумен, баланың атын атауды өтінген sms- хабарлама алады. Хабарламаға жауап sms жіберілген соң, туу туралы куәлік рәсімделеді. Құжатты АХАЖ-дан қағаз түрінде немесе телефонға электрондық түрде алуға болады»,-дейді министр.


Соңғы жаңалықтар