Сәбиін ұрған қазақстандық әйелдің видеосы Қытай сақшыларын аяғынан тік тұрғызды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарт - Қазақстанда сәбиді аяусыз ұрған әйелді Гонконг сақшылары іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде тараған атышулы бейнежазба шетелдік БАҚ-тың назарын аударды. Ол Гонконг және Қытайдың әлеуметтік желілерінде кеңінен таралып, жұрттың ашу-ызасын тудырды.  Гонконгтың  https://hk.apple.nextmedia.com сайтындағы жазбаға негізделсек, оқиғаны өз елінде болып жатқан жағдай деп білген желі қолданушылары жерлігікті құқық қорғау органдарына әйелді тауып, жазалауын сұраған. Осыған орай Гонконг сақшылары әйелге іздеу жариялағаны туралы мәлімдеді.

Кейнірек, Қытайдың құқық қорғау органдары видеодағы оқиғаның Қазақстанда болғанын анықтап, Wibo.com әлеуметтік желісінде ресми түсініктеме берген.  

Еске салайық, видео Instagram әлеуметтік желісінде тараған болатын. Кадрда әйел диванда отырып, жасқа толмаған нәрестені аяусыз шапалақтап жатқаны анық көрінеді. Ол «аузыңды жап» деп айғайлап, баланы басынан, бетінен аяусыз  ұрады. Кейін ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев әйелдің жеке басы анықталғандығын хабарлаған болатын.  Күдікті  Өзбекстаннан табылды.
null null  

 

Соңғы жаңалықтар