Сәбиін еденге соққан әйел ата-аналық құқығынан айырылуы ықтимал

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны Марина Тюменцеваның ісі тағы да сотқа жетті. Бұл жолы Талғар аудандық білім бөлімі сотқа арызданып, М. Тюменцеваны ата-аналық құқығынан айыру туралы шағым түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, іс Қарасай ауданындағы  №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Талғар ауданының білім бөлімі Марина Тюменцевамен бірге оның жолдасын да ата-аналық құқығынан айыруды сұрап отыр. Ал бұл жанұя  Талғар ауданының ІІБ жайсыз отбасы ретінде тіркеуде тұр. 

Естеріңізге сала кетейік, Марина Тюменцеваның 7 айлық сәбиін еденге соққандағы видеосы әлеуметтік желіде таралып, жұрттың жағасын ұстатқан еді. Баласына  аяусыз қатыгездік танытқан  28 жастағы келіншек ҚР ҚК 140 бабы 2 бөлігі бойынша сотталып, оған 25 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын. Яғни, Қарасай ауданындағы №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 25.10.2017 жылы  шығарылған үкіміне сәйкес ол 56 725 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелген.

Айта кету керек, Марина Тюменцеваның үш баласы бар.

Соңғы жаңалықтар