+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Сабақ кезінде шіркейді улау жүргізілген: Ақтөбеде мектеп директоры жазаланды

2021 жылғы 15 қазан 17:59
Бөлісіңіз:
Сабақ кезінде шіркейді улау жүргізілген: Ақтөбеде мектеп директоры жазаланды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде сабақ кезінде ұсақ шыбындарға қарсы улау жүргізуге рұқсат берген мектеп директорына қатаң сөгіс берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу  тиелген жүк көлігі өртеніп жатыр Елордада жас жігіт көпірден секірмекке әрекеттенген Қостанай облысында апатты және үш ауысымды мектептер жоқ -  әкім

«№9 мектеп-гимназияның директоры қалалық білім бөліміне дезинфекция жүргізілетіні туралы хабарламады. Оқу процесі кезінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізгені үшін мектеп директорына қатаң сөгіс берілді. Облыстық Білім басқармасының басшысы мектеп әкімшілігімен жиналыс өткізіп жатыр. Қосымша ақпарат беріледі», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Метгүл Қосымбаева.



Еске салайық, мектеп басшылығы мен дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мекеме арасында келісімшарт жасалып, шіркейлерді улау кеше, 14 қазанда сабақ кезінде жүргізілген.

Ақтөбе облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының хабарлауынша, өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат етілмейді. Сол себепті қазір тексеру жүріп жатыр.

Ал «Дезинсекция қызметі» медициналық мекемесі улау кезінде шіркейге, ұсақ жәндікке арналған «К-Отрин СК 50» инсектицид препаратын қолданғанын айтты. Олар нысандар ішін тарақандар мен шыбын-шіркейге қарсы улауда қолданылады.

«Улауда ыстық тұман әдісі қолданылды. Бұл препарат 12.1.007-76 Мемлекеттік стандарты бойынша ағзаға қауіпсіздігі төмен 4-санатқа жатады», - деп жазылған «Қызмет көрсету» медициналық мекемесінің хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT