Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Саакашвилидің иелігінде 5 резиденция, 5 тікұшақ және 2 ұшақ бар - Грузияның қаржы министрі

2012 жылғы 5 қараша 09:38 32
Бөлісіңіз:
Саакашвилидің иелігінде 5 резиденция, 5 тікұшақ және 2 ұшақ бар - Грузияның қаржы министрі

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат - Грузия Президентінің илегінде «елдің түрлі өңірлерінде 5 резиденция, 5 тікұшақ және 2 ұшақ бар».

Ұқсас жаңалықтар
Жойылу қаупі бар тілдерді сақтау мүмкін бе Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы 31 қазанға қалды

Бұл туралы 4 қараша күні республиканың қаржы министрі Нодар Хадури мәлім етті, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Мұндай аса үлкен емес және кедей елдің президентінде осыншама көп резиденция, тікұшақтар және ұшақтар болмауы тиіс. Және оларды күтіп ұстауға бюджеттен айтқысыз сомалар шығындалмауы қажет», - деп мәлімдеді «Маэстро» телекомпаниясының эфирінде Хадури.

«Саакашвили президенттіктің алғашқы жылдарында (2004-2005 жж.) бюджеттік қаражатты үнемдеп жұмсаудың қажеттігі туралы бірнеше мәрте айтқан болатын, бірақ оны кейін ұмытты», - деп атап өтті ол.

Грузия премьер-министрі Бидзина Иванишвили жұма күні Саакашвилиді «резиденттік сарайдан кетуге және мемлекеттік канцелярияға оралуға» шақырды. Бұл ретте Хадури 12 қабатты мемлекеттік канцелярияда «президентке бүтін бір қабат тиесілі екендігін және онда жұмыс істеуге барлық жағдайлар жасалғандығын» нұсқады.

«Президенттің Тбилисидегі сәнді сарайы келешекте мемлекет басшысының резиденциясы болмайды. Бұл сарай және өзге де резиденциялар егер олар жекеменшік компанияларға берілген жағдайда қонақүйлер бола алады», - деді министр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT