С. Сәпиев спорттан ЮНЕСКО чемпионы атанды

None
None
АЛМАТЫ. 25 шілде. ҚазАқпарат - Серік Сәпиев БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының (ЮНЕСКО) спорт бойынша чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы болып отыр.

«Астана Спорт» басылымының жазуынша, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионын, Вэл Баркер кубогының иегерін осыған орай ЮНЕСКО мен ИСЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы) бойынша ҚР Ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетов құттықтаған. Арнайы диплом мен құрметті атақ қазақ боксшысына дәстүр бойынша БҰҰ-ның Париждегі штаб-пәтерінде табыс етілуі тиіс. Дегенмен Серіктің өз дипломын 22-23 тамыз күндері Астанада өтетін 2013-2022 жылдардағы мәдениеттің жақындасуының халықаралық онжылдығына байланысты ұлықтаудың халықаралық форумы аясында алуы да мүмкін.

Жалпы бұған дейін «UNESCO Champion for Sport» атағын әйгілі автошабондоз Михаэль Шумахер, футболшы Эдсон Арантис ду Насименту ( Пеле) мен Оскар Табарес, дзюдошы Давид Дуйе, жеңіл атлет Сергей Бубка, Виргилиус Алекна, Вероника Кэмпбелл-Браун, хоккейші Вячеслав Фетисов, ағайынды боксшылар Виталий және Владимир Кличко, теннисші Жюстин Энен, сумошы Хакухо Сё, жағажай волейболының шебері Жаклин Силва иеленген болатын.

Соңғы жаңалықтар