С.Нұрмағамбетов отырғызған шырша бүгіндері биік ағашқа айналған - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл қаласында осыдан 12 жыл бұрын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов отырғызған шырша бүгіндері биік ағашқа айналған.

Аталған ағаш орталық алаңдағы ҰОС қатысушыларына арналған ескерткіштің маңына 2004 жылдың мамырында Жеңіс күні қарсаңында отырғызылған екен. Жақында осы маңнан Чернобыль АЭС апатының зардаптарын жоюшыларға арналып ескерткіш стелла ашылған болатын. Бүгіндері мәуелі шыршаны көргенде қазақтың бағына біткен батыр ағамыз Сағадат Нұрмағамбетов бірден еске оралады.

Зәулім ағаш батырды еске салып қана қоймай, сол маңда орналасқан дәмханаға келушілерге де сая болуда.

4 2 3

Соңғы жаңалықтар