С.Кулагин «Юбилейный» футбол стадионы құрылысына жұмсалатын шығынды азайту жөнінде тапсырма берді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен әкімдік кеңесінде С.Кулагин «Юбилейный» футбол стадионы құрылысына жұмсалатын шығынды азайту жөнінде тапсырма берді.

Кеңесте өңір басшысы «Юбилейный» футбол стадионы құрылысының жобасымен танысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Патюткинаның айтуына қарағанда, нысанды қайта құруға жұмсалатын қаржы 2 миллиард 54 миллион теңге. Аймақ басшысы жобаны қайтадан қарастырып, шығынды азайту жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, облыс басшысы Көкшетауда салынатын жаңа шіркеу жобасын талқылады.

«Новый Собор» қоғамдық қорының төрағасы А.Мартыненконың айтуына қарағанда, бүгінгі күні келісімшарттардың бәрі жасалып, құрылыс алаңында алғашқы жұмыстар басталып кеткен. Таяудағы күндері іргетасын бекітетін қазықтар қағылады.
«Қорға бүгінгі таңда 6 миллион 400 мың теңге қаржы жиналды. Бұл 9 ұйым мен 3 жеке адамның қаржысы. «Аскоп» фирмасы шіркеу құрылысына алғашқылардың бірі болып қаржылай көмек көрсетті» деді А.Мартыненко.

Кеңес барысында аймақ басшысы жобамен танысып, осы бағытта жұмыс істей беру керектігі жөнінде тапсырма берді.
Еске сала кетейік, Көкшетауда бес жүз адам сиятын, жалпы құны 1 миллиард 148 миллион теңге тұратын шіркеу құрылысы басталды.
Сондай-ақ, храм жанынан жексенбілік мектеп ашу да жоспарланған. Жаңа шіркеу Қопа көлінің жағасында тұрғызылмақ.

Соңғы жаңалықтар