С.Кулагин ҰОС ардагерінің 90 жылдық мерейтойына орай жаңа пәтердің кілтін тапсырды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Целиноград ауданында тұратын ҰОС ардагері, танымал журналист, «Алеф» еврей мәдени орталығының төрағасы Моисей Гольдбергті 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, 2 бөлмелі жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ақмол аулында жаңа пәтерге ие болған ардагерді облыс әкімі құттықтап,  ізгі тілектерін арнады.
«Елбасы атап өткендей, біз бүгінгі болашағымыз үшін от кешкен майдангерлерімізді ешқашан ұмытпаймыз. Оларға әрдайым көмек қолын созып,  көмектесе беретін боламыз.  Біздің оларға деген алғысымыз шексіз», деді С.Кулагин.
Өз кезегінде ардагерде қарап қалмады,  осындай қамқорлық жасап жатқан аймақ басшысына алғысын білдірді.
Еске сала кетейік,  Моисей Михайлович Гольдбергтің отбасы ҰОС  алдында Украинаның Мелитополь қаласынан Павлодар облысына көшірілген. Кейін осы жақтан 1943 жылы Моисей Гольдберг әскер қатарына шақырылады. Одессадағы ұшқыштар даярлайтын мектептің курсанты болып жүргенде жарақат алып, Павлодарға қайта  оралады. «Большевистский путь» атты облыстық газетте журналистік жолын бастап, 1955 жылы ТАСС-тың Ақмола облысы бойынша меншікті тілшісі болады. Одан кейін Целиноград облыстық радиосын 15 жыл басқарады. Ұзын-ырғасы 70 жыл бойына Қазақстан журналистикасына адал қызмет еткен ол қазақстандық әскерлердің майдан жолындағы даңқ-шежіресін жасады. 1975 жылдың мамыр айында ҚазКСР Жоғары кеңесі төралқасы жарлығымен ҚазКСР-ге еңбегі сіңген мәдениет қызметкері атағы беріледі.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар