С.Кулагин теміржолшы мамандығын атадан балаға мирас етіп келе жатқан көкшетаулық Сүлейменовтер отбасын құттықтады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин 632 жыл еңбек өтілі бар теміржолшылар әулеті Сүлейменовтер отбасының пәтеріне арнайы барып, құттықтады.

Еске сала кетсек, көкшетаулық Сүлейменовтер отбасы үш ұрпақ бойы атадан балаға теміржолшы мамандығын мирас етіп келе жатыр. Теміржолшылар әулетінің негізін қалаған әкесі Уайс Сүлейменов Ұлы Отан соғысының ардагері. Отағасы (ЭБ-6) энергиямен жабдықтау дистанциясында алғаш еңбек жолын бастады. Еңбек өтілі 27 жыл. Зайыбы Сапия екеуінен екі бала, екі немере және үш шөбере тарап отыр. Қос қария да о дүниелік болған.

Теміржол саласындағы жауапкершілігі мол қызметті бүгінде оның ұл-қыздары жалғастырып келеді. Әке жолын қуған Ұлы Серік Уайсұлы Сүлейменов 1970 жылы еңбек жолын теміржол саласынан бастап, осы күні Көкшетау теміржол вокзалының басшысы қызметін абыроймен атқаруда. 47 жыл бойы тапжылмастан саланың ыстық-суығына шыдап өсті. Ал, оның ұлы Құдайберген Серікұлы қазақстандық теміржол жүйесі «Вокзал-сервис» АҚ-да қызметі істейді.

Теміржолшылар әулетінде болған облыс әкімі Сергей Кулагин Сүлейменовтер отбасына теледидар мен азық-түлік толы себетті сыйға тапсыра келе, еңбек әулетін ұлықтаудың, қарапайым еңбек адамын құрметтеудің маңызына тоқтала келе, жастарға үлгі болып отырған еңбекші отбасына жылы лебізін арнады.

Соңғы жаңалықтар