С.Кулагин Көкшетау көшелерін жаяу аралап шығып, санитарлық тазалығын тексерді (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша қолға алынған жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аймақ басшысы алдымен Қопа көлінің жағасында салынып жатқан проваславтар шіркеуінің құрылысымен танысты. Осы күні құрылыс алаңы тазартылып, бірер күнде нысанның қазығын қағу жұмыстары басталмақ.

Сонымен қатар Көкшетау қаласының орталық Горький және Абай көшелерін де жаяу аралап, қала тазалығына назар аударды. Тұрғындармен сөйлесіп,  қаланың сыртқы келбетін жақсарту туралы пікірлеріне құлақ түрді. Осы ретте, аймақ басшысы барлық тұрғындарды ағаш отырғызып, қаланы таза ұстауға және жалпықалалық сенбіліктерге шығып отыруға шақырды.
Еске сала кетейік, Ақмола облысында 4 сәуір және 20 мамыр аралығында өңірді абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдындыру бойынша айлық жарияланып отыр.   
Кулагин Кулагин Кулагин Кулагин  

Соңғы жаңалықтар