С.Кулагин Калачи ауылы тұрғындарына көшу қажеттігін түсіндірді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгiн Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин жеке мәселелерi бойынша келген тұрғындарды қабылдады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Аймақ басшысының қабылдауына келгендердің бірі - жеке кәсіпкер Владимир Плетнев жерді жалға алу уақытын созуды сұрап келді, сондай-ақ, сот жүйесін сынға алып, тұрғын үй мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің қабылдауына Есіл ауданындағы Калачи ауылының үш тұрғыны келді. Өңір басшысы ағымдағы жылы аталмыш ауылда бірнеше рет болып тұрғындармен кездескен болатын. Осы орайда, облыс әкімінің қабылдауында болған үй шаруасындағы екі келіншек пен мектеп мұғалімі мектептің жағдайы және көшу мәселелері толғандырып отырғанын айтты. Калачиліктердің барлық сұрақтарына өңір басшысы жауап беріп, Державинск және Есіл қалаларында арнайы салынып жатқан үйлерге көшудің ережелерін түсіндірді. Бүгінгі күні ұйқы ауруының себебі анықталар емес, сондықтан, атқарушы билік балалы отбасыларды көшіру жұмыстарын қолға алып отыр.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен Калачи және Красногорск ауылдарынан көшуге қаражат бөлінген болатын. Осы орайда, денсаулық сақтау саласы мамандары көшуден бас тартып отырған ата-аналар ең бірінші балаларының денсаулығын ойлағандары жөн деп отыр.

Бүгiн облыс әкiмiнiң қабылдауында тек облыс орталығының тұрғындары ғана емес, сондай-ақ, Астана қаласының тұрғыны Самал Тілеубаева да болды. Ол Целиноград ауданындағы Максимовка ауылында өз ісін ашуға, яғни, аяқ киім шығаратын цех жұмысына байланысты көмек сұрады. Ал, Еңбекшілдер ауданының Қоғам ауылынан келген Жамал Ахметова Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқитын студент балаларының грантта білім алуына және атаулы шәкіртақылар сұрағын көтере келіпті.

Осы күнi көтерiлген барлық мәселелер бойынша өңiр басшысы жауапты тұлғаларға бақылауға алуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар