С.Кулагин Ақмола облысының ардагерлері ұйымына 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Егде жастағы адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы аясында Ақмола облысының ардагерлері ұйымы шығармашылық ұжымдардың облыстық байқау-фестивалі аясында гала-концерт өтті.

Егде жастағы адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығы жоғары деңгейде атап өту үшін, ардагерлерді ардақтау мақсатында Ақмола өңірінде де жан-жақты жұмыстар қолға алынды. Бүгін осы мақсатта «Көкшетау» мәдениет сарайында өңірдегі шығармашылық ұжымдардың қатысуымен гала-концерт өтіп, онда халықтық-дәстүрлі, патриоттық және лирикалық әндер айтылды. Шараға өңірдегі 200-ден астам ардагерлер қатысты. Мәдениет сарайының фойесінде ардагерлер ұйымдары әзірлеген үздік экспозицияларды көрсетумен тақырыптық көрме өткізілді. Осынау шараға қатысқан облыс әкім Сергей Кулагин жиналғандар алдында құттықтау сөз сөйлеп, Егде жастағы адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығының маңыздылығы мен еліміздің келешек ұрпағын тәрбиелеудегі соғыс және еңбек ардагерлерінің еңбектеріне шынайы ризашылығын білдірді. Өңір басшысы Ақмола облысы ардагерлерінің ұйымына 500 мың теңгенің сертификатын тапсырды. Сонымен қатар, облыстағы департаменттер мен басқармалардың атынан облыстық байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары түрлі аталымдар бойынша марапатталды. Шара соңында гала-концертке қатысушыларға облыс әкімі атынан ықылас гүл шоғы тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар