С.Цзиньпин мен Н.Назарбаевтың Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырымдамасы «Қытай-Италия» автошеруінен көрініс табуда

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауға Ұлы Жібек жолы ізімен келе жатқан «Қытай-Италия» автошеруінің қатысушылары келіп жетті.

«Автошерулетіп жүріп өту идеясы ҚХР Төрағасы мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуі» тұжырымдамасын қолға алғаннан кейін пайда болды. Біздің жолда келе жатқанымызға 28 күн болды. Осы аралықта 8 мың шақырым жол жүрдік, Қазақстан және Өзбекстан жерлерін басып өттік», - дейді шеруге қатысушылардың бірі Джан Лиджун.

Оның айтуынша, шерудің басты мақсаты - Қытай мен Еуропа аралығында жүздеген жылдар бұрын Қазақстан жері арқылы керуендер қатынаған Ұлы Жібек жолын адамдардың есіне салу.

«Осы жолмен жүріп өткендердің бірі менің ұлы атам болған. Біздің шеру Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан елдер арасында тек сауда-экономикалық ғана қатынастың емес, сондай-ақ туристік, мәдени қарым-қатынастардың орнауына түрткі болады», - деп атап өтті Д. Лиджун.

Автошеруге қатысушылардың 28 автокөлігі бар. Аз уақыт демалып алғаннан кейін олар Қазақстан мен РФ шекарасынан ары асады. Одан соң олар Грузия, Түркия, Грекия және Италия жерлерін басып өтіп, соңғы нүкте - Римге жетпек. Осы сапар барысында барлық қатысушылар 15 мың шақырым қашықтықты бағындырмақ.

Соңғы жаңалықтар