С.Безруков орыс ақыны С.Есенинді басқа қырынан танытты

None
None
СТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Жексенбі күні елорданың бейбітшілік пен келісім сарайында Ресейдің халық әртісі, театр және кино актері Сергей Безруков басты рөлді сомдаған «Бұзақы» музыкалық поэтикалық қойылымы қала қонақтары мен тұрғындарының назарына ұсынылды. Қойылым алдында БАҚ өкілдерімен жүздескен актер спектакль жайында кеңінен әңгімелеп берді.

Ресейлік «Бірінші арнадан» көрсетілген «Есенин» фильмінде айтылмай қалған ойлардың болғандығын, сонымен қатар оның өлеңдерінің тым аз пайдаланылғандығын мойындайтынын айтқан С.Безруков «ақыннан гөрі ол күрделі харизмалы, қарама-қайшылықты мінезді адам болатын. Сондықтан фильм детектив жанрында есте қалды. Алайда бұл телевизиялық фильмнің тапсырмасы, яғни ақын өлімін көркемдік құралдар арқылы өзіндік тарихын көрсету болатын», дейді. Бұл орайда ақынның өзін-өзі өлтірді деген ресми нұсқаның қалып отырғандығын айта келіп, өзінің бұл нұсқаға сенбейтіндігін де жасырмады. Сонымен қатар фильмде ақынның көптеген өлеңдерінің алынып тасталғандығын да атап өтті.

«Сериалда көп өлең оқыдым, біразын кесіп тастады, өйткені телевидение үшін форматы сәйкес келмейді. Өлең сериалдарды ұзартып жібереді әрі көрермен тыңдамайды деп санады. Алайда бәрі керісінше болып шықты. Көрермендер «Өлеңдері қайда?» деп сұрайды. Міне осылайша айтылмаған ойлар қалып қойды. Осылайша менің сахналауыммен «Бұзақы» қойылымы дүниеге келді. Бұл жерде сценарийші жоқ, сценарийші Есениннің өзі, өлең арқылы көрермендермен байланыстыратын оның жыр шумақтары», дейді актер.

Соңғы жаңалықтар