С. Бердіқұлов атындағы жүлдеге ие болған журналистердің есімдері анықталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық спорт журналистері күні мерекесіне орай БАҚ өкілдеріне спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлық табыс етілді.

ҚР Мәдениет және спорт министірлігі жыл сайын спорт журналистері арасында үздіктерді анықтап, журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан спорт журналистикасының жарқын өкілі Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдені табыстап келеді.

Бүгін Астанада халықаралық спорт журналистері күні қарсаңында «Жыл журналисі-2015» сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдрахманов және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қатысып, үздіктерге сыйлықтарды табыс етті. Үздік жарияланым үшін номинациясы бойынша ҚазАқпарат агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы тілшісі Ғайсағали Сейтақ марапатталса, үздік телевизиялық репортаж номинациясы бойынша «Хабар» телеарнасының спорт журналисі Қанат Базылхан марапатталды. Ал үздік фотожұмыс номинациясы бойынша фототілші Алексей Филиппов марапатталды.

2 3 4 

Соңғы жаңалықтар