С.Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ мен АҚШ-тың Дьюк медициналық университеті өзара келісімге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - С.Асфендиаров атындағы ҚазҰМУ мен АҚШ-тың Дьюк Медициналық университеті арасында өзара серіктестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар 2016-2019 жылдарға арналған стратегиялық және медициналық білімді басқару саласында әріптестік мәселелерін талқылады. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов қатысты.

Вице-министр 2016-2019 жылдарға арналған медициналық білім беруді жаңғырту жобасы аясындағы мақсат-міндеттер туралы айтып берді.

«Аталған бағдарлама аясында 3 мақсатты жүзеге асыру көзделіп отыр. Ең біріншісі - халық денсаулығын қорғауда жаңа саясатқа бет бұру, одан кейін қазіргі жүйенің тиімділігін арттыру көзделіп отыр. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, қаржыландырудың жаңа жүйесін енгізу өз жемісін береді деп сенеміз. Үшіншіден, мамандар потенциалын арттыру басты мақсат. Біздің әріптес ЖОО-лар бізге медициналық оқу орындарын қалай тиімді басқарудың ұсынымдарын береді деген үміттеміз. Сол арқылы ОПҚ, студенттер сапасын арттыру мақсат тұтылып отыр», - деді Е.Біртанов.

Өз кезегінде Дьюк Университетінің жаһандық медицина орталығының стратегия мен әріптестікті дамыту бойынша директоры Лиза Бурже де екі оқу орны арасындағы әріптестік өз жемісін беретініне сенім білдірді.

«Осында келгендегі басты мақсатым - жергілікті медициналық білім беру деңгейінің қаншалықты екендігін байқау. Сапарым барысында біздің оқу орындарының қай тұста серіктестік орната алатындығын анықтадым. Осында келген 3 күн ішінде біз болашақ ынтымақтастықтың іргетасын қаладық», - деді Лиза Бурже.

2 3 4 5 6 7

Соңғы жаңалықтар