С.Ахметовтің қылмыстық ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметов пен сыбайлас жемқорлық үшін айыпталып отырған аймақтың бұрынғы жоғары шенді шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі хабарлайды.

Еске сала кетейік, іс бойынша 21 адам айыпталуда.

С.Ахметовке және басқа да қатысушыларға қатысты қылмыстық іс Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық сотына 2015 жылғы 13 шілдеде келіп түсті. 14 шілдеде ол тіркеліп, әрбір сотталушыға статистикалық карточка ашылды. Автоматты тәсілмен қылмыстық істі судья Исламхан Есенбаев қарайтын болды.

Бұған дейін Қарағанды облыстық прокуратурасы хабарлағандай, бақылау органы бұрынғы премьер-министр С.Н.Ахметовке, облыстың экс-әкімі Б.Т. Әбдішевке, Қарағанды қаласының экс-әкімі М.А. Смағұловқа және басқа да бұрынғы шенеуніктер мен кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады. Сыбайлас жемқорлық ісі бойынша барлығы 21 адам тергелуде. Оларға қызмет бабын асыра пайдаланды, бюджет қаражатын ұрлады және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласты деген айыптар тағылған.С.Ахметов сондай-ақ аса ірі көлемде пара алуға айыпталуда. Қылмыстық іс материалдары 300 томнан асады.

Тергеу нұсқасы бойынша, С.Ахметов 1 млрд. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырып, 2,4 млн. АҚШ доллары көлемінде пара алды деген күдік бар.

Соңғы жаңалықтар