С.Ахметов жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойларды және өзге мұнай өнімдерін экспорттауға алты айға тыйым салды

None
None
АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің басшысы С.Ахметов жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойларды және өзге мұнай өнімдерін экспорттауға алты айға тыйым салды.

Бұл туралы ресми БАҚ-тар хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1694

2012 жылғы 28 желтоқсан,   Астана, Үкімет Үйі

Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді, газойларды және өзге мұнай өнімдерін әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес мұнай өнімдерінің ішкі нарығында мүлдем жетіспеушілікті және бағаның өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Арнайы бензиндерден (КО СЭҚ ТН коды 2710 12 210 0 - 2710 12 250 0) және тұрмыстық пеш отынынан басқа, жеңіл дистилляттарды және өнімдерді (КО СЭҚ ТН коды 2710 12), керосинді (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0 - 2710 19 250 0), газойлдарды (КО СЭҚ ТН коды 2710 19 420 0 - 2710 19 480 0, 2710 20 110 0 - 2710 20 190 0) және өзге де мұнай өнімдерін (КО СЭҚ ТН коды 2710 20 900 0) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгі­ленген тәртіппен осы қаулының 1 тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгендігі туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясын хабардар етсін;
2) Еуразиялық экономикалық комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интегра­циялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
6.Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар