+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

С.Ахметов пен 10 сотталушының қылмыстық жазасы жеңілдетілді

2016 жылғы 14 наурыз 21:13
Бөлісіңіз:
С.Ахметов пен 10 сотталушының қылмыстық жазасы жеңілдетілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің бұрынғы Премьер-Министрі Серік Ахметовке және Қарағанды облысындағы жемқорлық қылмыстық іске қатысты сотты болған 10 адамға сот жазаны жеңілдетті.

Бұл туралы «ҚазАқпараттың» өңірдегі тілшісі хабарлады.

«Алдын ала тергеу барысында және бастапқы саты соты барысында сот үкімін жоюға мүмкіндік беретіндей ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің айтарлықтай бұзылуы анықталған жоқ. Дегенмен, С.Ахметовтің жалпы сомасы 2,2 млрд. теңгеден астам сомадағы шығынды толық көлемде қайтаруын ескере отырып, сот алқасы сотталушы Ахметовке, Айтжановқа, Айменбетовке, Қисықовқа, Әбдішевке, Ессеге, Мұхамбетовке, Телғаринге, Ысқақовқа, Смағұловқа, Дәрібаевқа қатысты жазаны жеңілдетуге болады деп санайды», - деді Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов қаулыны жария ету барысында.

Бұған қоса апелляциялық алқа бастапқы саты үкімін К.Мұсаевқа, А.Жакеновке және Б.Асқароваға қатысты өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар С.Ахметовтің жаза мерзімі 10 жылдан 8 жылға дейін азайтылып, мүлкі тәркіленумен қатар 5 жылға дейін мемлекеттік органдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы кесілді.

Мұнан бөлек, апелляциялық алқа Б.Әбдішевтің жаза мерзімін 5-тен 3 жылға, М.Смағұловтікін 3-тен 2 жылға, А.Телғариндікін 4-тен 3 жылға, Е.Қисықовтікін 3-тен 2 жылға, А.Ессенікін 7-ден 5 жылға, Б.Ысқақовтікін 3,5-тен 1,5 жылға, О.Айменбетовтікін 3,5-тен 2 жылға, Е.Дәрімбековтікін 3-тен 2 жылға қысқартты.

Б.Айтжанов пен Г.Мұхамбетовтің шынайы бас бостандығын айыру жазасын шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына өзгертті. Осылайша, апелляциялық алқа оларды бірден тұтқыннан босату туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ Мұхамбетовтің, Телғариннің және Қисықовтың мүлкі тәркіленбейтін болып шешілді.

Айта кетерлігі, мемлекеттік айыптаушы апелляциялық қаулымен келісетіндігін мәлім етті. «Қаулы негізді әрі заңды. Жазаны тағайындау барысында жағдайды ауырлататын да, жеңілдететін де жайттар, сонымен бірге шығынның өз еркімен қайтарылуы да ескерілді. Жазаны жеңілдету бұл соттың апелляциялық сатының құқығы. Біз жаза шарасының жіктелуін әрі тағайындалуын әділ деп санаймыз», - деді БАҚ өкілдеріне прокурор Диар Әділов.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT