+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

С. Ахметов: ЭКСПО-ға дайындық туралы іс-шараларды жариялау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарға креативтік тәсілдерді қолдану қажет

2013 жылғы 17 қазан 19:04
Бөлісіңіз:
С. Ахметов: ЭКСПО-ға дайындық туралы іс-шараларды жариялау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарға креативтік тәсілдерді қолдану қажет

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесін дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болды.

Бұл туралы primeminister.kz сайтынан хабарлады.

С.Ахметов назарды Президенттің таяуда Ақордада ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу мәселелері бойынша өткен кеңесте айтқан тапсырмаларына аударды.

«Көрме шығынсыз болуы қажет, барлық павильондардың көрмеден кейінгі жұмысы ұлттық компаниялар үшін, тұтастай алғанда мемлекет үшін тиімді болуы тиіс», - деді С.Ахметов. Ол сондай-ақ ЭКСПО-ға дайындық туралы іс-шараларды жариялау бойынша ақпараттық-имидждік жұмыстарға креативтік тәсілдерді қолдану, тиісті заң жобаларын мерзімінде дайындау қажеттігін атап көрсетті.

Отырыста «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы басшысы Талғат Ермегияевтің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың, Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің есептері тыңдалды.

Үкімет басшысы мәселені талқылау қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»-ға бірқатар тапсырмалар беріп, қабылданған шаралардың көрмені сапалы дайындау мен өткізу қажеттілігін атап көрсетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Премьер-Министрі, EXPO-2017,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT