Рысқалиев басқарған қылмыстық қауымдастық мемлекетке 71 млрд. теңге залал келтірді - Қаржы полициясы

None
None
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Рысқалиев басқарған қылмыстық қауымдастықтың әрекеті нәтижесінде мемлекетке және өзге тұлғаларға аса ірі мөлшерде жалпы сомасы 71 млрд. теңгені құрайтын залал келтірілді.

Бұл туралы бүгін Қаржы полициясында өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

Оның айтуынша, тергеу барысында қабылданған шаралар нәтижесінде 23,4 млрд. теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.

«Одан әрі мемлкетке келтірілген залалды өтеу мақсатында айыпталушылардың жалпы құны 39 млрд. теңгені құрайтын 560 жылжымайтын және жылжитын мүлік түріне тыйым салынды, олардың ішінде 4 аяқталмаған құрылыс нысандары, 68 жер учаскесі, 116 бірінші және екінші сатыдағы нысандар (әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, кеңселер, пәтерлер мен басқа объектілер), 197 көлік құралдары, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы 19 үлес, 145 өндіріс құрал-жабдықтары, жалпы сомасы 1 млрд.100 млн. теңгенің 11 банк шоттары тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар