Рыпакова, Шәкімова мен Дениз қазақтың «Дедімай-ау» әнін орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына орай өткен салтанатты кеште Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, боксшы Дариға Шәкімова мен таэквондошы Жансел Дениз қазақтың «Дедімай-ау» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшы арулармен бірге бұл әнді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Абдуллин де шырқады.

Сонымен қатар, мерейтойлық шара барысында Олимпиада чемпионы Александр Винокуров «А-Студио» тобының солисі Кети Топуриямен бірге Владимир Высоцкийдің «Утренняя зарядка» туындысын орындады.

Айта кетейік, Қазақстанның Олимпизм қозғалысына ресми түрде енгелі бері еліміздің спортшылары 13 Олимпиадаға қатысып, жалпы саны 67 медаль жеңіп алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналған салтанатты кешке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Астана әкімі Әсет Исекешев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, депутаттар, шетелдік дипломаттар, сонымен қатар Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері - Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов, Жазира Жаппарқұл, Гүзел Манюрова, Әділбек Ниязымбетов қатысты.

Соңғы жаңалықтар