Рүстем Рысқалиұлы Қарағанды облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Рүстем Рысқалиұлы Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы болып тағайындалды. Осыған дейін ол Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рүстем Рысқалиұлы 1988 жылы туған. Оның екі жоғары білімі бар – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және «Болашақ» Қарағанды университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы ішкі істер органдарында бастаған. 2016 жылдан бастап Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман – заңгер болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2021 жылға дейін – облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап осы тағайындауға дейін Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Фото: Қарағанды облысының әкімдігі

Соңғы жаңалықтар