Рустам Жүрсінов ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының 2015 жылғы 20 қаңтардағы шешімімен Рустам Жүрсінов басқарманың мүшесі, ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ол өз міндеттеріне бүгін, 2015 жылдың 21 қаңтарында кірісті.

Рустам Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылдың 16 ақпанында Өскемен қаласында дүниеге келді. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист), 2013 жылы - «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) тәмамдаған.

Әр жылдары ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігіндегі заң департаменті директорының орынбасары, «GRATA» заң фирмасының серіктесі, «КМГ-Консалтинг» ЖШС бас директоры, «ҚазМұнайГаз» «Барлау және өндіру» АҚ-ның құқықтық мәселелер бойынша басқару директоры, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да заң департаментінің (басқарма мүшесі) директоры болып жұмыс істеген. ҚР ҰКП-на тағайындалуына дейін «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры болып қызмет еткен.

Нұрлан Мұқаев ҚР ҰКП басқармасы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар