Русланбек Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды
2022 жылғы 25 мамыр 17:01

Русланбек Бекжігітов Қауіпсіздік Кеңесінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының өкімімен Қайыргелді Қайратұлы Есенеев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.


Jańalyqtar

MURAǴAT