Руслан Жақсылықов: Қазақстан әскері ҰҚШҰ аясында Ресей мен Украина шекарасына бармайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның Қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің аумағына бармайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Мәжілісте тілшілер министрге әлеуметтік желілерде тарап жатқан қауесетке қатысты сұрақ қойған болатын.

«Қазақстан сарбаздарын ҰҚШҰ аясында Украина мен Ресей шекарасына жіберілуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?», - деп сұрады журналистер.

«Қорғаныс министрі ретінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері еліміздің аумағында тұрғанынан толық сеніммен жариялаймын. Біз бітімгершілік миссияларын тек Біріккен Ұлттар Ұйымы бағытында ғана іске асырамыз. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы елдері аумағына әскер жібермейміз және мұндай жоспар жоқ. Біз ешқайда бармаймыз», - деді Руслан Жақсылықов.


Соңғы жаңалықтар