+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

2021 жылғы 15 қыркүйек 17:46
Бөлісіңіз:
Руслан Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Ерғалиұлы Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев Университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші несие офицері болып бастаған. 2018-2020 жж. — «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары. 2020 жылғы тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT