Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Ерғалиұлы Манатаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік экономика университетін, 2017 жылы — М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын, 2020 жылы — Назарбаев университетін тәмамдаған. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген. 2014-2017 жылдары — «Транстелеком» АҚ басқарушы директоры, президентінің кеңесшісі. 2017-2018 жылдары — «Астана — жаңа технологиялар – 2008» ЖШС директоры. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Транстелеком» АҚ АТ-шешімдер жөніндегі басқарушы директоры, телекоммуникация жөніндегі вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.


Соңғы жаңалықтар