Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицейлердің ата-анасы өлім жазасын талап етті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Тергеу абақтысында Руслан Күлекбаевтың ісіне қатысты сот тыңдауы өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Сот залында Руслан Күлекбаевтың қолынан қаза тапқан полицей Мейрамбек Рахматуллаевтың анасы Айгүл Танағұлова өлім жазасын талап етті.

null  

 «Мен ұлымнан ғана емес, денсаулығымнан да айырылдым. Мұндай адамды халықтың алдына шығарып ату керек. Ату жазасы тек қана ату жазасы берілсін», - деді Айгүл Танағұлова.

Еске сала кетейік, 18 шілде күні Алматыдағы лаңкестік оқиғадан Руслан Күлекбаевтың қолынан ауыр жараланған полиция қызметкері Мейрамбек Рахматуллаев ауруханада 1 тамыз күні көз жұмған болатын.

null  

Полиция лейтенанты Рахматуллаев Мейрамбек Нұридиллаұлы 1992 жылы туған, Алмалы аудандық ІІБ-нің учаскелік инспекторы, ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызмет істеген. Үйленген.

null 

 

Соңғы жаңалықтар